05 Қар 2020
Материал №4 «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы

Біз туралы

Күлімдеген күн нұрындай

Тәрбиеші анамыздай

Білім менен тәрбиенің

Ордасына айналғандай

Бақшамыздың мақтанышы

 Биік ұстар ар намысты

 Біз «Бәйтерек» ұландармыз

Шырқайтұғын ән мен жырды.

 

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.

КМҚК № 4 «Бәйтерек» бөбекжай - балабақшасы - мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеді. Балабақшаның  балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. 

Адам тәрбиелеу, оған ғылым негіздерінен мағлұмат беру, баланы өмір сүруге икемдеу, адами қылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес. 
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші, ақылшы, дос және бала жанын бағамдар психолог.

«Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасында үш жүз жетпіс бала тәрбиеленуде. Олардың жас шамасы бір жастан алты жасқа дейінгі балалар. Осы бүлдіршіндеріміз әр мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып өз өнерлерін көрсетуге тырысады.

 

Біз туралы:

Балабақшаны бағдарламалық қамсыздандыру

  1. Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы.
  2.  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы. («Бөбек», 2010).
  3. Әдістемелік нұсқаулық «Мектеп  дейінгі ұйымның бірінші кіші тобында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру бойынша» («Шикула және К» В.Слепнева. Шымкент, 2016).
  4.  «ENGLISH» әдістемелік құрал. C.Д. Рахимжанова, А.С. Волкова («Алматыкітап» баспасы, 2014) (5-7 жас)
  5. Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологияларын пайдалану әдістемесі А.С.Амирова, С.Ж.Еркебаева (Алматы 2014)

 

КМҚК  № 4 «Бәйтерек» бөбекжай- балабақшасының төлқұжаты

 

Сайт: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құрылтайшы: Атырау қаласының әкімдігі

Мемлекеттік басқару органы: қалалық білім бөлімі

Мектепке дейінгі мекеме басшысы: Хисамиденова Бану Жагалбаевна

Білімі: жоғары, педагогикалық

Еңбек өтілі: 29 жыл

 

Мектепке дейінгі тәрбиелеу-білім беру мекемесінің

басты сипаттамасы 

КМҚК № 4 «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады және балалардың зияткерлік-эстетикалық дамуына тиімді қол жеткізуді көздейді; баланың дене, психикалық саулығына және эмоционалды жай-күйіне қажетті жағдай құра отырып, балалардың күтімі мен саулығын қамтамасыз етеді; баланың қоршаған әлеуметтік ортада оңтайлы бейімделуіне және өзін жайлы сезінуіне мүмкіндік беретін педагогикалық үрдісті ұйымдастырады; баланың толыққанды дамуы үшін отбасымен өзара әрекеттестікті жүзеге асырады; мектеп жасына дейінгі балаларды дамыта тәрбиелеу мен оқытуды жүргізеді.  

Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары.

  

Балалардың топтарда жиынтықталуының нормативтік мерзімі 

Бөбек жасындағы топтар – 1 – 3 жас.  

Мектеп жасына дейінгі  топтары– 3 – 6 жас.   

Жұмыс реттелімі:

аптасына 5 күн;

10,5 сағат (08.00 ден 18.30 дейін) 

Топтар саны: 12- қазақ тілінде

 

Балабақшаны бағдарламалық қамсыздандыру

Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы. («Бөбек», 2010).

 Әдістемелік нұсқаулық «Мектеп  дейінгі ұйымның бірінші кіші тобында оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру бойынша» («Шикула және К» В.Слепнева. Шымкент, 2016).

 «ENGLISH» әдістемелік құрал. C.Д. Рахимжанова, А.С. Волкова («Алматыкітап» баспасы, 2014) (5-7 жас)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын технологияларын пайдалану әдістемесі А.С.Амирова, С.Ж.Еркебаева (Алматы 2014)

 

Тәрбиеленушілерге ұсынылады:

  • Саз залы;
  • Дене шынықтыру залы;
  • Ағылшын тілі кабинеті;
  • Медициналық блок.
  • Психолог кабинеті
Атауы: Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №4 "Бәйтерек"бөбекжай-бақшасы КМҚК
Тәрбие беру тілі: Қазақ
Түрі: Мемлекеттік
Негізгі құны, айына: 1. 1 жастан 3 жасқа дейін - 400 теңге
2. 3 жастан 6(7) жасқа дейін - 500 теңге
Жұмыс тәртібі:
бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-18:30
Кезекші топ: жоқ
Қосымша жабдықтау: бейнебақылау (қауіпсіздік бойынша)
Телефон: +7(7122) 23-22-40, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Web-сайт: http://baiterek4.goroo-atyrau.kz/
Мекен-жай:
Атырау қаласы, Жұмыскер ықшам ауданы, С.Бекмагамбетов көшесі, 64Б үй

ТАӘ: Хисамиденова Бану Жагалбаевна
Лауазымы Директор
Жасы: 51 жас
Санаты: Жоқ
Мектепке дейінгі тәрбие бойынша жалпы еңбек өтілі: 29 жас
Басшының жалпы еңбек өтілі:  29 жас

Мектепке дейінгі ұйымның жобалық қуаттылығы: 280 адам

Мектепке дейінгі ұйымның нақты жүктемесі: 315 адам

Балалар топтардың саны: 12


1-2
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Бүлдірген Қазақ 27 0 Қарапайым

2-3
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Құлыншақ Қазақ 30 0 Қарапайым
Қошақан Қазақ 30 0 Қарапайым

3-4
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Алақай Қазақ 27 0 Қарапайым
Күншуақ Қазақ 27 0 Қарапайым
Сұңқар Қазақ 28 0 Қарапайым
Аққу Қазақ 27 0 Қарапайым

4-5
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Шаттық Қазақ 27 0 Қарапайым
Болашақ Қазақ 27 0 Қарапайым
Балдаурен Қазақ 25 0 Қарапайым
Жұлдыз - ай Қазақ 23 0 Қарапайым

5-6
Топ Тәрбие беру тілі Балалар саны Бос орындар Тип группы
Ақ көгершін Қазақ 17 0 Қарапайым